"Ештеңе керек емес маған": Жүсіп Ақшора мемлекеттік награда туралы ойын айтты
706
Танымал актер Жүсіп Ақшора мемлекеттік марапат алмауына қатысты пікір білдіріп, атақтың өзі үшін маңызды емес екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында халықтың ықыласы кез келген марапаттан жоғары екенін жеткізді.
«Маған біреудің атақ бергені маңызды емес. "Халық әртісі" деген атақтың да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, көшеде амандасып, бірге суретке түссе – мен үшін ең үлкен марапат сол», – деді актер.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» театрының әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанын қызу талқылаған еді.
Соңғы жаңалықтар
08.09.2026
17:34
Президент Жолдауы және цифрлық трансформация: С...
08.09.2026
17:23
Су қоймада әкесі мен екі ұлы суға кетіп, із-түз...
08.09.2026
17:08
«Еңбек еткісі келгенге жұмыс табылады»: Қазақст...
08.09.2026
16:49
Қазақмыс Шу ауданын көркейтуге 800 млн теңге бөлді
08.09.2026
16:31
Хиджабқа бола лицензиядан айырыла ма: жекеменші...
08.09.2026
16:24
Баян Алагөзова: Дана Орманбаева іздеуде, кешірі...