«Ештеңе қызық болмай қалды»: Ырысбала Икрамбай жұртты алаңдатып қойды

25.06.2026 09:21 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ештеңе қызық болмай қалды»: Ырысбала Икрамбай жұртты алаңдатып қойды
211
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай Стамбұл әуежайында куә болған жағдайдан кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогердің айтуынша, әуежайда ерекше қажеттілігі бар 15–16 жастағы жасөспірім ата-анасына бағынбай, айқай шығарған. Бұл көрініс оның қолындағы кішкентай қызы үшін де қорқынышты болғанын жеткізді.

«Стамбұл әуежайынан кәдімгідей стреске түсіп келдім. Қолымда кішкентай қызым болды. Даусынан шошып қалмасын деп құлағын жауып отырдым. Анасы артынан қуалап жүр, әкесі көзіне жас алып, айналадан кешірім сұрап жүр», – деп жазды ол.

Осы оқиғадан кейін Ырысбала ерекше балалардың көбеюі туралы алаңдаушылығын білдірді. Оның сөзінше, түркиялық дәрігер дамуында ерекшелігі бар балалар санының артып жатқанын айтқан.

«Қазір балаларымыз кішкентай, күшіміз жетеді. Бірақ ертең олар есейгенде не болады? Әуежайда көрген бала сияқты әкесімен ерегісіп, төбелесетін күнге жетпесе екен», – деді блогер.

Сондай-ақ ол ата-аналарды баланың дамуындағы өзгерістерге бейжай қарамауға шақырды.

«Қазірден қолға алып, қоғамға үйретіп, қатарына қоспасақ, біз ата-ана қасында мәңгі жүрмейміз. Балаңызда қандай да бір өзгеріс байқасаңыз, қарап қалмаңыз, қол қусырып отырмаңыз», – деді ол.

Жазба соңында Ырысбала көрген жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін жасырмады.

«Сол көріністен кейін ештеңе қызық болмай қалды. Тек ойға батып, жылап, өзіммен-өзім отырғым келді», – деп түйіндеді блогер.

Войдите, чтобы оставить комментарий