Еуразиялық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасау қажет – Президент
Мемлекет басшысы «сыртқы сауданы қайта құру» ісін тағы бір негізгі міндет ретінде атап өтті.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан Моңғолиямен уақытша сауда келісімін жасау жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешімді қолдайды. Оған қоса Азия, Африка және Таяу Шығыстағы жылдам дамып келе жатқан елдермен ынтымақтастықтың перспективасы зор.– Бірлестігіміздің жаһандық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік мол екені анық. Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақтың сыртқы контурдағы әлеуетін нығайту мақсатында жүйелі шешімдер әзірлеуді тапсыруды ұсынамын. Еуразиялық өнімді шетелдік нарыққа неғұрлым белсенді шығару үшін тиісті жағдай жасау қажет. Тауарды үшінші елдерге кедергісіз тасымалдау ісін қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік экономиканың трансформациясы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер желісін кеңейтудің мәні зор. Бұл экспорттаушыларымыздың жаңа нарықтарға шығуын барынша жеңілдетуге, оларды өңірлік және жаһандық өндірістік тізбектерге қосуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Әлемдік жалпы ішкі өнімнің қазіргі 60 пайыздық өсімі тек Азияға тиесілі болады деген болжамды ескерсек, Жаһандық Оңтүстікпен арадағы кооперация ерекше қызығушылық туғызады. Қазақстан сияқты Парсы шығанағының нарығына шығу үшін Экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді Халықаралық көлік дәлізін құру жөніндегі Ашхабад келісіміне қосылуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...