Эвакуация ошағына айналған жатақхана студенттері қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов эвакуация ошағына айналған жатақхана студенттері қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін екенін мәлім етті.
Қазір тасқын құрсауындағы өңірлердің ішінде бір ғана университет студенттерін қашықтан оқытып жатыр.«Табиғи апат болған жағдайда жоғары оқу орындары студенттерді қашықтықтан оқуға жібере алады. Қазір залал келген үйлерді қалпына келтіру және жаңа құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін зардап шеккен тұрғындарды жатақханаларда қалдыру үшін ондағы студенттерді қашықтықтан оқытуға жіберу мәселесі қаралуда» - деді ол.
«Бүгінде Х.Досмұхаметов атындағы жоғары оқу орнының студенттері онлайн режимге ауысқан, қалғандары оқу процесін штаттық режимде жалғастыруда. Жан-жақты пысықталғаннан соң қалған жоғары оқу орындары студенттерін қашықтықтан оқытуға ауыстыру бойынша тиісті шешім қабылданады», - деді вице-министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...