Фариза Төреәлі күйеуінен күтпеген жерден 10 млн теңгелік сыйлық алды

Фариза Төреәлі күйеуінен күтпеген жерден 10 млн теңгелік сыйлық алды
20.06.2025 16:51
0
55
Фото: Видеодан скрин

Танымал блогер Фариза Төреәлі күйеуінен күтпеген жерден сыйлық алды. Желі жұлдызының күйеуі, спортшы Дархан Нортаев әйеліне көптен бері сыйлық жасамағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

“Фариды қуантпағаныма біраз болды. Осындай кішігірім сыйлық бергім келіп тұр. Алдында өзіне ұнап қалған еді. Қазір бұйырса сыйлаймыз. Сені жақсы көргенім үшін сыйлағым келеді. Менің өмірімде бар болғаның үшін рақмет”, – деді спортшы. 

Фариза Төреәлі де әйелдерді жиі қуанту керегін айтып, желіде жазба жариялады. 

Әйелге мейірім – еркектің мықтылығын, әйелді түсіну – оның парасатын көрсетеді. Әйел – аманат. Ол – әлсіз емес, нәзік. Оған сөзбен де, үнмен де, көзқараспен де жұмсақтық керек. Әйеліңе қалай қарайсың – Құдай саған солай қарайды”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары өте қымбат тұратын бренд сыйлықты қызу талқылап жатыр. 

“Кішігірім сыйлық Cartier болса, керемет емес пе?!”, “Арасын суытпай жиі қуантып тұру керек”, “10 миллион теңге тұратын сағатты сыйлай салды”, “Біз жақта бір бөлмелі үй алуға болады”, “Дархан әйелді қалай қуанту керегін үйрететін курс ашсын”, – деп жазды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий