Француз қызы дәл Димаш сияқты SOS әнін айтуға тырысып, сөзге қалды (ВИДЕО)

10.09.2025 11:21 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Француз қызы дәл Димаш сияқты SOS әнін айтуға тырысып, сөзге қалды (ВИДЕО)
0
298
Фото instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлеуметтік желілерде француз қызы Димаш Құдайберген Қытайда өткен I Am Singer байқауында орындаған «SOS» әнін, дәл Димаш сияқты айтып шығуға тырысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желіде жиі ән айтатын вокалист қыз бұл жолы қазақстандық әртістің репертуарындағы күрделі шығарманы орындауға бел буған.
Ол Димаштың өнер көрсеткен үзіндісін жариялап, оның вокалдық тәсілдері мен биік ноталарын мүмкіндігінше дәл қайталауға тырысқан.
Пікір қалдырғандар қыздың даусын жақсы деп бағалады. Дегенмен көпшілік:


«Демі сәл жетпей қалды», «Жақсы айтады, бірақ Димашқа жету оңай емес», «Жаман емес, бірақ бүкіл әнді орындап көру керек» – деп жазды.

Жанкүйерлер Димаштың ер адам бола тұра ерекше биік ноталарды алатынын, бұл вокалда өте сирек кездесетін құбылыс екенін еске салды.
 

@alea_msc Réponse à @deffonottimmy Bonne rentrée à tous 😘 #dimash #highnote #danielbalavoine #french #fyp ♬ son original - ALEA🎶
Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий