Гимнастшы қыз көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты

Гимнастшы қыз көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты
06.10.2025 12:12
0
228
видеодан алынған кадр

Саксония федералды жеріндегі Баутцен қаласында испаниялық әуе гимнасты қайтыс болды. Қайғылы оқиға Пола Буш циркіндегі қойылым кезінде орын алды.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

27 жастағы Марина Барсело шамамен 5 метр биіктікте өзінің цирктік нөмірін орындау барысында тепе-теңдікті жоғалтып, құлап кеткен. Құлау сәтінде көрермендер қатарында балаларымен келген отбасылар да болған. Жедел түрде көрсетілген алғашқы медициналық көмекке қарамастан, гимнаст қызды аман алып қалу мүмкін болмады.

Марина Барсело — Испанияның Майорка аралының тумасы. Ол әуе гимнастикасына 10 жылдан астам уақытын арнап, 2018 жылдан бері түрлі цирктік труппалар құрамында өнер көрсеткен. Әріптестері оны жоғары деңгейлі кәсіби маман, ең күрделі трюктерді орындай алатын дарынды әртіс ретінде сипаттайды.

Қазір Саксония полициясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, гимнаст қыздың денсаулығында күтпеген өзгеріс болған. Тергеушілер қойылым сәтінің бейнежазбасын қарап, куәгерлерден түсініктеме алып жатыр.

Қайғылы жағдайға куә болған көптеген көрермендерге психологиялық көмек көрсетілді. Цирк басшылығы Марина Барселоның қазасына байланысты гастрольдік сапарларын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий