Гүлзира Айдарбекова Дубайда құрбыларымен қалай демалғанын көрсетті

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінле демалып жатыр. Қайрат Нұртастың анасы бұл жолы отбасымен емес, жақын құрбыларымен саяхаттап жүр.
Гүлзира Айдарбекова кезекті демалысына аттанғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ол көптен бері армандап жүрген саяхатын осы жолы іске асырғанын айтып қалды. Әдетте жанұясымен көп шетелге шығатын продюсер бұл жолы барша жақын құрбыларын өзімен бірге алып кеткен. Қайрат Нұртастың анасы бұл ерекше ұсынысына ешкім қарсылық танытай, бірден келіскен. Айдарбекова Дубайдағы естен кетпес демалысы қалай өткенін көрсетіп, құрбыларына алғысын айтты.
"Дубайға баратын болып, күнделікті өмірімдегі өзіме жақын, жақсы адамдарыма бірге демалып қайтайық деген болатынмын. Сонымен ешқайсысы қарсылық танытпай, өте керемет демалып қайттық, естелік болып лентамызда қалсын", - деп жазды ол.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынды.
Соңғы жаңалықтар





