Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концертіне қатысты мән-жайды түсіндірді
Әнші Қайрат Нұртастың Қызылорда қаласында өтуі тиіс концерті кейінге қалдырылды. Продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова мән-жайды түсіндіріп, жанкүйерлердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бастапқыда 18 қазанға жоспарланған кеш 20 қазанға ауыстырылған. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Шымкентте болған жағдайға байланысты билет сатылымы уақытша тоқтатылған. Қазір жағдай тұрақталып, сатылым қайта басталған.
«Бұған дейін сатып алынған барлық билеттер жарамды болып қала береді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде кептеліс болып, 18 жастағы бойжеткен зардап шеккен еді. Осы оқиғаға қатысты қауіпсіздік талаптарын сақтамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешті ұйымдастырған 1984 жылғы азамат ұсталған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
12:52
Бұрынғы әкімнің үйінен 45 миллион теңге ұрланға...
20.10.2026
12:48
Есіркі контрабандасы күдігімен қамауда отырған ...
20.10.2026
12:32
Алматыдағы үш университетке жарылғыш зат қойылғ...
20.10.2026
12:17
Кореяда қазақстандық азамат жүргізушілерге қоқа...
20.10.2026
11:56
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Қызылордад...
20.10.2026
11:42
Пашинян неліктен Жапаровты «Қазақстан президент...