Гүлзира Айдарбекова Қайраттың үйіне жиһаз қарап, халықтың наразылығына ұшырады

Гүлзира Айдарбекова  Қайраттың үйіне жиһаз қарап, халықтың наразылығына ұшырады
20.10.2025 18:35
0
146

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайраттың үйіне жиһаз таңдап, сынға қалды деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі ұлы Қайрат Нұртастың су жаңа пәтерін көрсетті. 

“Қайрат баламның жап-жаңа үйіне кілемдерін алдым. Қайрат екі қалада да тұрады, жұмысы солай, керек па шет елде де үйі бар. Қайрат ер азаматы тұрғанда, Қайраттың үйі деп аталатын шығар. Әлде Астанадағы үйге сіз ақша құйып па едіңіз?! Табыс – Қайраттікі, ұқсату – әйелінікі. Менде бөлек адам емеспін дайындап берсем, өз ұрпағым”, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары Қайраттың әйелі Жұлдызды іздеп жатыр. 

“Қайраттың үйі болса, кілемді Қайраттың әйелі Жұлдыз таңдамайды ма? Оларға сіздің талғамыңыз ұнай ма? Өз талғамдары бар шығар?”, Әр әйел осындай баршылықта бақытты болсын”, “Құтты болсын! Керемет шаңырақ екен”, “Жұлдыз бен Гүлзираның талғамы бірдей деп айта алмаймын”, – деп жазды көпшілік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий