Гүлзира Айдарбековаға айыппұл салынды

04.09.2026 16:15 Қарақат АСЫЛОВА
Гүлзира Айдарбековаға айыппұл салынды
254
Коллаж: Politico.kz/ЖИ

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы сегіз айында заңсыз лотерея ойнатқан 69 аккаунт иесі жауапқа тартылды. Туризм және спорт министрлігі жариялаған бұл тізімде Гүлзира Айдарбекова, Әсел Асқар сияқты танымал тұлғалар бар.

Ресми мәліметке сүйенсек, құқық бұзушылардың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6 және 7-бөліктері бойынша айыпталған. Бұл норма Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзуды қарастырады.

Министрлік дерегінше, ең аз айыппұл мөлшері 50 АЕК немесе 196 600 теңгені құрады. Ал ең үлкен жаза «aitoli_aktau» аккаунтына қолданылып, оған 525 АЕК, яғни 2 064 300 теңге төлеу міндеттелді.

Тізімдегі танымал тұлғаларға салынған айыппұл көлемі мынадай:

• Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова (@gulziraaidarbekova) 2026 жылдың 27 қаңтарында 50 АЕК (196 600 теңге) көлемінде жауапқа тартылған;

• Әнші әрі актриса Әсел Асқарға (@assel.askar) 150 АЕК (648 750 теңге) салынды;

• Блогер Аружан Әбілова да 648 750 теңге төлеуге міндеттелді;

• «aekaposh» лақап атымен танымал Айым Алтынбекова мен блогер Елдос Қадірхановтың (@eldos_kalabok) әрқайсысына 648 750 теңгеден айыппұл кесілді.

Жарияланған құжатта аккаунт аты, жауапкершілікке тартылған уақыт, айыппұл сомасы және акт нысаны толық көрсетілген. Құқық бұзушыларды жазалауға негізінен Ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу комитетінің (ОБжЛРК) хаттамалары, сондай-ақ сот қаулылары негіз болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий