Halyk Bank-ті бақылаушы «Алмэкс» холдингі 4 пайыздық үлесін нарыққа шығарады

19.11.2025 14:21 Арман Ермеков Арман Ермеков
Halyk Bank-ті бақылаушы «Алмэкс» холдингі 4 пайыздық үлесін нарыққа шығарады
0
214
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның ең ірі банкі Halyk Bank акцияларының 70 пайыздан астамын бақылайтын «Алмэкс» холдингі компаниядағы өз үлесінің бір бөлігін сатуға шығаратынын мәлімдеді. Холдинг халықаралық және жергілікті инвесторларға арнап банктің шамамен төрт пайыз акциясын сату жөнінде өтінімдер қабылдау процесін бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

«АЛМЭКС» холдингтік тобы Банктің айналымдағы жай акцияларының шамамен 4%-ын құрайтын бұл ұсынысты нарыққа шығаруда. Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, саудаға кем дегенде 12 миллион жаһандық депозитарлық қолхат шығарылмақ. Әрбір ЖДҚ 40 жай акцияға сәйкес келеді.

Ұсыныс халықаралық және жергілікті нарықтарда қатар жүргізіледі. Халықаралық ЖДҚ-лар Лондон қор биржасының негізгі нарығында сауда-саттыққа жіберіледі. Ал жергілікті нарықтағы сауда-саттық институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін Astana International Exchange арқылы және Қазақстан қор биржасы арқылы жүзеге асырылады.

Мәмілені іске асыру үшін бірлескен жаһандық үйлестірушілер әрі букраннерлер ретінде Citigroup Global Markets Limited, J.P. Morgan Securities plc және отандық "Halyk Finance" АҚ тартылды.

Сатушы акционер ретінде «АЛМЭКС» еншілес компаниясы Halyk Bank-тің өзі мәміледен ешқандай түсім алмайды. Холдинг мәміленің негізгі мақсатын айтты.

«Мәміле Банк акцияларының өтімділігін жақсартуға және Банктің акционерлік базасын әртараптандыруға бағытталады», — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, өтінімдер жинау процесінің нәтижелеріне сәйкес, сұраныс жоғары болған жағдайда, ұсыныс көлемі ұлғайтылуы мүмкін екені де атап өтілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий