Халыққа танымал Сека вайнер «Колеса» компаниясымен соттаспақ

18.11.2025 13:20 Айсұлу Мұрат
Халыққа танымал Сека вайнер «Колеса» компаниясымен соттаспақ
0
42
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Серғазы Тоқтарбек

Қазақстандық танымал вайнер Серғазы Тоқтарбек дауға ұшырағанын хабарлады. Оның айтуынша,  «Колеса» компаниясы блогерден жариялаған видеосын өшіруді талап етіп, сотқа жүгінетінін ескерткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Секаның» сөзінше, ол қандай заң бұзғанын түсінбей отыр және оқырмандарынан видеоны қайта көріп, өз пікірлерін жазуды сұраған. Ол видеода тек түрлі сервис платформаларындағы баға айырмашылығына қатысты пікір білдірілген.

Пікірлер бөлімінде жарнама заңнамасына қатысты үлкен талқылау туған. Кейбір пайдаланушылар Қазақстанда бәсекелес брендтерді нақты атап, оларды тікелей салыстыруға тыйым салынатынын еске салды. Кей пікірде Секаның видеосындағы «Колеса» атауын атап, ол жерде қымбатырақ деген қорытынды шығаруы  салыстырмалы жарнамаға жатуы мүмкін деген уәж айтылды.

Заңгерлер талқылауға қосылып, мұндай жағдайда азаматтық кодекс талаптары, тауар белгілері туралы заң және бәсекелестікті қорғау нормалары қолданылатынын атап өтті.

Олардың айтуынша,  компанияны негативті контексте жария түрде атау репутацияға нұқсан ретінде қарастырылуы ықтимал.

Кей қолданушылар блогерді қолдап «Сека, бүкіл Қазақстан сізбен берге!», «Мұндай платформаларды бойкоттау керек» деп пікірін жаудырып жатыр. 

Әзір «Колеса» тарапынан ресми пікір ұсынылмаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий