Халық Қайрат Түнтековті еске алды

Халық Қайрат Түнтековті еске алды
10.10.2025 22:11
0
135

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар әнші Қайрат Түнтековтің өнер жолындағы карьерасын жарыса талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Threads желісінде желі қолданушылары әншінің талантын өзара сөз етті.

«Кейде Қайрат Түнтековтің жұрт күткендей жұлдызы жанбағаны, әлемдік әнші болмағанын ойлаудың өзі өкінішті. 2010 жылдары деңгейі шынымен жоғары еді – харизма, дауыс, атақ, талант. Осындай таланттардың тасада қалып жататыны өкінішті-ақ», – деп жазды желі қолданушысы өз жазбасында.

Оның бұл пікіріне қатысты қазақстандықтар өз ойларын жазып өтті.

«Меніңше, біздің бағаланбай қалған әртісіміз», «Дау-дамайға тап болды. Бұл – соның салдары», «Жетістіктің 90 пайызы – еңбек, 10 пайызы – талант. Өкінішке қарай, атақты көтере алмай қалды», «Қайрат Түнтековтің де, Бауыржан Исаевтың да дауысы керемет еді», «Оған қолдау көрсету керек. Әлі де кеш емес», - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий