Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура

30.10.2025 13:44 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура
0
1036
Әлеуметтік желі

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдегендей, бұрын сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменованың Атыраудағы тойға қатысуы заң аясында және пробация қызметімен келісілген.

Оның айтуынша, жазасын өтеуді кейінге қалдыру шарты қолданылған адамға той немесе басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуға тыйым салынбайды.

“Бақытгүл Хаменоваға қатысты үш жылға жазасын өтеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған. Сондықтан ол пробация қызметінен рұқсат алып, аталмыш шараға қатысқан”, – деді Қойгелдиев Сенат дәлізінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) де Бақытгүл Хаменованың сот шешімімен пробациялық бақылауда екенін растаған болатын. Ол шартты түрде жазасын өтеу кезеңінде тұрмысын және қоғамдық өмірге қатысуын пробация қызметінің келісімімен жүргізе алады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий