Хасан ісіне байланысты тың ақпарат шықты
848
«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбеков ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әлімовті ұрлауға тапсырыс берді деген күдікке ілініп отыр.
Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасының таратқан ақпаратына сәйкес, қылмыс 2021 жылғы 17 маусымда болған.
Әлімовтің анасының сөзінше, шабуылды ұйымдастырушы ретінде Хасан қатысқан және қылмыс орнында өзі де болған. Әлімов ауруханада жатқанда, туыстарына қысым көрсетілгені белгілі болды.
Ол кезде тек бір ғана кінәлі адам шартты түрде жазаға тартылғанымен, көп ұзамай ол және сыбайласы Алматыдағы караоке-барда кісі өлтірген. Қылмысқа қатысы бар бес адамның барлығы тек өткен жылы ғана жауапкершілікке тартылды.
Алайда қылмысты ұйымдастырған Хасан іс бойынша сотта куәгер ретінде қатысып, жазадан құтылып кеткен.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
10:31
Баласының оқуға түсуін тойлаған отбасының қуаны...
19.08.2026
09:52
Ұлытауда жігіттің анасы жазықсыз ұлын түрмеге ж...
19.08.2026
09:24
Ұлдана Мырзуанның ісі: Сот күйеуін жәбірленуші ...
19.08.2026
09:03
«Күйеуінен таяқ жеген»: Алматы облысында екі жа...
19.08.2026
00:03
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақст...
19.08.2026
00:02
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан ...