Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырды
1436
Хасан Қасымбаев сот залындағы айыпталушыларға арналған орынның пластик терезесін сындырды. Оқиға бүгін, үкім жарияланардан шамамен жарты сағат бұрын болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Белгілі болғандай, бұл оқиғаға Қасымбаев пен өзге де айыпталушылардың сот отырысына журналистердің қатысуына наразылығы себеп болған.
«Мыналардың бәрін бұл жерден шығарыңдар!», — деп айыпталушы айғайлаған.
Осыдан кейін Қасымбаев айыпталушылар орнындағы пластик терезеге соққы беріп, оны сындырған. Шәйнек сынғаннан кейін сынықтары залға шашылған.
Оқиға сәтін түсіру мүмкін болмаған, себебі айыпталушылардың туыстары жақындарын кадрға түсіріп алмас үшін орынды жауып қалған.
Бұдан соң сот қызметкерлері бірден журналистер мен операторларды залдан шығарып жіберген.
Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, журналистер «өздерінің қауіпсіздігі үшін» шығарылған.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...
24.08.2026
16:41
"Королева болып өстім": Жеңіс Ысқақова отбасы т...
24.08.2026
16:19
Жеңіс Ысқақова отбасы туралы: Бір-бірімізді сой...