«Хейтерлер, іштерің күйсін»: Мадина Сәдуақасованың батыл образы шу туғызды

«Хейтерлер, іштерің күйсін»: Мадина Сәдуақасованың батыл образы шу туғызды
16.06.2025 20:20
0
139
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

45 жастағы қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова желіде жаңа әрі батыл образымен жұрт назарын аударды. Алайда бұл өзгерісті барлығы бірдей оң бағаламады, деп хабарлайды POLITCO.KZ.

Мадина әрдайым сырт келбетіне тәжірибе жасауға ашық. Бұл жолғы образы – ерекше. Әнші нәзік күлгін түсті, жеңіл матадан тігілген киімді металдан жасалған корсетпен толықтырған. Корсет іштің ашық тұрғандай әсерін береді.

«Образда не артық, не жетіспейді деп ойлайсыздар?» – деп жазды Мадина оқырмандарына.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды:

«Не киген өзі? Мата – жеңіл, корсет – металл. Бұл қандай стилист жасаған образ?», «Мадинаның стилистері от қой», «Корсеттегі кіндік артық болды, қалғаны жақсы», «Өте әдемі», «Аяқтағы білезік артық сияқты», «Жақсы ниетпен жасаған, бірақ тағы да “әдеттегідей” болып шыққан», «Мүлде жараспайды», «Барлығы мінсіз», «Сұлулық эталоны», «Образы сұмдық», «Хейтерлер, іштерің күйсін, ал ол – жарады!»

Әншінің бұл батыл киімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий