Homay хитімен танылған топ Алматыда өнер көрсетеді

Башқұртстаннан шыққан Homay хиті арқылы танымал болған Ay Yola музыкалық тобы 8 мамыр күні Алматыда өнер көрсетеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы музыканттар Instagram парақшаларында хабарлады.
Ay Yola тобы Алматыда 2025 жылғы Ün Music Week музыкалық фестивалі аясында сахнаға шығады.
Еске салайық, Homay әніне түсірілген клип Казнетте нағыз сенсацияға айналды. Көптеген қазақстандықтар бұл туындыны түркілік түп-тамырға оралу деп бағалады. Ән Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерде әлемдік музыкалық чарттардың көшін бастады.
Homay әні ежелгі башқұрт эпосы «Урал-Батырда» кездесетін мифтік әйел-құс Хомайдың құрметіне аталған.
Бұл композиция небәрі бір күннің ішінде вирусқа айналды. Қазақстандық танымал блогерлер мен өнер жұлдыздары – Баян Алагөзова, Динара Сәтжан және Алишер Елікбаев – клипті әлеуметтік желілерде бөлісіп, топтың шығармашылығына жоғары баға берді.
Соңғы жаңалықтар





