IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді

IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді
23.12.2024 20:03
0
77
ҰОК

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындаған еді.

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

Оның алғашқысы Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или