ІІМ көріпкел мен емшілерге баратын адамдарды жазалайды

ІІМ көріпкел мен емшілерге баратын адамдарды жазалайды
Тәжікстан Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге ғана емес, олардың клиенттеріне де заңды шара қолданады, деп хабарлайды Avesta.tj порталы. ІІМ жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінгенін анықтаған.
Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азамат ішкі Істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері ІІМ мұрағатына енгізіледі, – деп хабарлады ведомство.
Десе де Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз. Фото: qaragandyhabary.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу