Илон Масктың трансгендер-қызы Жапонияға біржола көшуді ұйғарды

Илон Масктың трансгендер-қызы Жапонияға біржола көшуді ұйғарды
24.03.2025 13:54
0
62
instagram.com/vivllainous

Техномиллиардер Илон Масктың үлкен қызы Вивиан Дженна Уилсон (бұрынғы аты – Ксавьер Александр Маск) Жапонияға біржола көшу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Қазір ол Токиода жапон тілін меңгеріп жатыр. 20 жастағы Вивиан ағылшыннан бөлек француз, испан және жапон тілдерін еркін меңгерген.

Оның анасы – Масктың бірінші әйелі, жазушы Жастин Уилсон. Ерлі-зайыптылар 2008 жылы ажырасқан болатын.

E!News порталының мәліметінше, Вивианның бұл шешімі әкесімен арадағы қатынасқа тікелей байланысты емес. Дегенмен, ол жынысын ауыстырғаннан кейін әкесімен байланысын үзген. Бұған қарамастан, Вивиан әлеуметтік желі мен сұхбаттарда Илон Маскты қатты сынға алады.

Teen Vogue журналына берген сұхбатында ол әкесін «міскін әрі есеймеген еркек» деп атаған. Сондай-ақ, Маск пен Дональд Трамптың трансгендер қауымдастығына қарсы көзқарастарын қатты сынға алған.

«Меніңше, АҚШ-тағы табыс теңсіздігі — біздің буын үшін ең өткір мәселелердің бірі. Жұмысшылар әділ еңбекақы алуы керек. Ал байлар — әсіресе мега-миллиардерлер — тек өз пайдасын ойлайды. Мен ондайлардың біразымен жолықтым, шын айтсам, олар аса жақсы адамдар емес», – деді Вивиан.

Вивиан бұрын Лос-Анджелесте тұрған. Ол жақта бай мен кедей арасындағы үлкен алшақтық оның дүниетанымына қатты әсер еткенін атап өтті.

Сұхбат барысында журналист: «Сіздің әсеріңізден кейін әкеңіз оңшыл бағытқа бет бұрды ма?» деп сұрағанда, Вивиан былай деп жауап берді:

«Бұл – ыңғайлы сценарий, бірақ шындыққа жанаспайды. Оның оңшыл көзқарасты күшейтуі маған байланысты емес. Біз 2020 жылдан бері сөйлеспегенбіз. Бұл – жарты онжылдықтай уақыт. Құдайға шүкір!»

Сондай-ақ, Вивиан отбасылық байланыстар туралы да ашық айтты:

«Шын айтсам, менде нақты қанша бауыр бар екенін білмеймін. Мен ол жақтағы отбасы мүшелерінен барынша алшақ жүремін», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий