Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі қуаныш туралы белгілі болды

18.09.2026 22:21 Қарақат АСЫЛОВА
Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі қуаныш туралы белгілі болды
629
Фото: Әлеуметтік желіден

Иманғали Тасмағамбетовтің әулетінде қуаныш болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы әзілкеш әрі тамада Дамир Мурзагереев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Тасмағамбетовтер әулетіндегі кезекті қуанышты кешті жүргізу оған бұйырған.

«Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі кезекті қуанышты маған жүргізу бұйырған екен. Приколды ішінен айтып жүргіздім», – деп жазды Дамир Мурзагереев.

Алайда әзірге Тасмағамбетовтер әулетінде нақты қандай мерекелік шара өткені белгісіз. Тамада жариялаған жазбада тойдың себебі мен оған қатысты өзге де мәліметтер айтылмаған.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы. Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметін атқарды.

Войдите, чтобы оставить комментарий