«Інілерімді қимай жүрегім ауырып тұр»: Димаш Құдайберген Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындарына көңіл айтты

25.09.2026 • 12:56 Мөлдір ҚАЙНАР
«Інілерімді қимай жүрегім ауырып тұр»: Димаш Құдайберген Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындарына көңіл айтты
244
Фото: әлеуметтік желі

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ақтау маңында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырап, мезгілсіз көз жұмған жауынгерлердің қазасына орай қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында қаралы оқиғаның жүрегіне ауыр тигенін жазып, қыршын кеткен 18–19 жастағы боздақтардың ата-аналарына сабыр тіледі.

«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені... Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін», – деді ол.

Сонымен бірге Димаш Құдайберген мұндай ауыр қасіреттің елімізде енді қайталанбауын тілеп, сарбаздарды ақтық сапарға шығарып салды:

 «Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын... Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым».

Войдите, чтобы оставить комментарий