"Інім өмірімді сақтап қалды". Мөлдір Әуелбекова ауыр кезеңі туралы айтты

26.05.2025 17:06
0
505
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өткен өмірін еске алып, тіпті суицидке дейін барғанын айтып, ел алдында жылап қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өткен өміріндегі қиын сәттерді ол өзінің желідегі парақшасында еске алды. 

«Баршаңызға сәлем, бір нәрсені айтқымк еліп тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын күйзелісте жүріп, суицидке дейін жеткен кезде, «Momsky» әлемнің көргендер біледі, менің хикаямның шет жағасын. Менің інім Әділет есімді маған қатты көмектескен болатын. Мен айттым: «Әділет, мен осындай жағдайдамын, қатты қиналып жатырмын» дегенімде, бір ауыз сөзімді жерге тастамай, бүкіл той-концерттеріне қосып, менің аяққа тік тұрып кетуіме себепкер болды.

Сол кезде маған Әділет айтқан: «Әпке, мен әлі өзімнің мейрамханамды соғамын, сізді шақырамын» деп. Сол сөзінде тұрып, Аллаға шүкір, бүгін Әділет мейрамхана ашып жатыр, сенесіздер ме? 

Әділет, сені құттықтаймын! Саған үлкен алғысымды білдіремін! Мен қатты қиналғанда сен менің жанымда болдың", - деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий