«Интернеттегі тіл тигізу жазасыз қалмайды»: Тұрсынбектің тоқалы бірнеше адамды сотқа тартты

14.01.2026 14:39 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Интернеттегі тіл тигізу жазасыз қалмайды»: Тұрсынбектің тоқалы бірнеше адамды сотқа тартты
0
26
Коллаж: Politico.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде көпшілікке танылған Айман есімді келіншек өзіне қатысты тіл тигізіп, ар-намысына нұқсан келтірген азаматтарды сотқа берді, деп хабарлайды Politico.kz

Айманның құқықтарын қорғайтын заңгер Ділназ Мұхамедова әлеуметтік желідегі парақшасында аталған іске қатысты мәлімет жариялады. Оның айтуынша, ол Айманның ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау бағытында заңды өкілі ретінде әрекет етіп жатыр.

Заңгердің сөзінше, сотта интернет кеңістігінде шындыққа жанаспайтын әрі қорлайтын ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты бірқатар іс қаралған.

«Бүгін үш іс бойынша жеңіске жеттік. Үш адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар азаматтық істер аясында моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы өндірілді. Талап-арыздар ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабы негізінде қанағаттандырылды. Қазіргі таңда тағы бес іс сотта қаралу үстінде», – деп жазды заңгер.

Сондай-ақ Ділназ Мұхамедова анонимді немесе фейк аккаунттар арқылы жазылған пікірлер де жауапсыз қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, сот барысында арнайы сұраулар арқылы аккаунт иесінің кім екені анықтала алады.

Заңгер әлеуметтік желі қолданушыларына да маңызды ескерту жасады:

«Пікір білдіру еркіндігі – ар-намысқа тиюге, жалған ақпарат таратуға немесе көпшілік алдында қорлауға рұқсат емес. Мұндай әрекеттер үшін заңда әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Оның ішінде моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын төлеу және жалған ақпаратты терістеу міндеті бар», – деді ол.

Бұл жағдай желі қолданушыларына жауапкершілік пен сөз мәдениетінің маңызын тағы бір еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий