«Ипотекаға үй алып, қоныс той жасаймыз»: танымал блогер халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігін айтты

Танымал блогер Айдос Қожахметов ипотека жайлы ойын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол сондай-ақ өз пәтерін несиеге алғанын және оны толық өтеп шығу үшін қаншама еңбектену қажет екенін түсінгенін айтты.
«Менде ипотека 30 миллион теңге болған. Бір жарым жылда қанша қалды дейсің бе? 29 млн 750 мың. Сонда мен негізгі қарыздан небәрі 350 мыңды ғана жапқан екенмін, ал қалғаны - банктің 7 миллион пайызын төлеп бітпегенмін.
Бірақ бізде қалай? Ипотекаға пәтер алып, қоныс той жасаймыз. Ол қонақ, бұл қонақ деп жүріп 200–300 мың теңге тағы шығын қыламыз. Онсыз да кредитке кірдің, қоныс тойды ипотеканы толық төлеп болған соң жасау керек қой.
Сосын ойлайсың, неге адамдар біреудің өміріне араласады? Өзінде проблема бастан асып тұрса да. Әлеуметті желі ма, көре алмаушылық па? Өзің белшеден қарызға батсаң да, басқаны к-ре алмай отырасың», – дейді блогер.
Соңғы жаңалықтар





