Ипотекалық несие алушылар «Forte Bank»-тың әрекетсіздігіне шағымданды
398
Ипотекалық несие алушылар мен мүгедектерден құралған бастамашыл топ «Forte Bank»-тың әрекетсіздігіне шағымданып, Басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды politico.kz.
Бейнежазбада көрсетілгендей, наразы топ банк соңғы уақыттары жұмыс тобының шешімі бойынша несиелерді қаржыландырудан және қайта қаржыландырудан бас тартып отырғанын, бұл өз кезегінде қоғамдағы экономикалық тұрақсыздыққа әкелетінін айтады. Оның үстіне қазір «Forte Bank»-тың рейтингі де бұрынғыдай шарықтап тұрған жоқ делінеді бейнежазбада.
«2015 жылы «Forte Bank»-ке ең көп қаржы құйылды. Ал, сол миллиардтар қазір қайда? СУСН санатындағы қарыз алушылар үшін 2/1 бөлімі бойынша борыштық жүктемені азайтуға бағытталған ақша қайда? Мемлекеттiк бағдарлама басқарма төрағасының қалауымен тыста қала ма? Біздің жалғыз баспанадан айырылып қалу қаупiміз бар.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға бұл мәселенің мән-жайын жеткіздік, банкке бұл түйткілді шешуді тапсырды. Алайда нәтиже жоқ. 37 адам араша күтеміз, Президенттен, жауапты орындардан үміт күтеміз, соттан да тайынбаймыз. Ашықтықтан алшақ «Forte Bank»-ке, кездесуден, әркез талқылаудан қашқан Бекжан Пірматовқа деген өкпеміз қара қазандай. Әлеуметтік желіге шығып, әуре болып отырғанымыздан да содан», – дейді бейнежазба авторы.Фото: forbes.kz
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...