Иран Таяу Шығыстағы АҚШ базаларының жойылғанын мәлімдеді

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ базаларының жойылғанын мәлімдеді
Hussein Malla / Associated Press

Иран Қарулы күштері Таяу Шығыстағы барлық америкалық әскери базаларды жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы «Хатам әл-Анбия» орталық штабының ресми өкілі Эбрахим Зольфакари хабарлады.

Оның айтуынша, өңірдегі барлық АҚШ базалары жойылғандықтан, америкалық қолбасшылар мен сарбаздар базалардан тыс жерлердегі паналау орындарына қашып кеткен, қазіргі уақытта олар іздестірілуде.

Сондай-ақ Зольфакари Таяу Шығыс елдерінің тұрғындарын америкалық әскери қызметкерлер жасырынған орындар туралы хабар беруге шақырып, «өз қауіпсіздігі үшін оларды елден шығаруды талап етуге» үндеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу