Иранда 19 жастағы балуан өлім жазасына кесілді

20.03.2026 14:54 Мөлдір Талғат
Иранда 19 жастағы балуан өлім жазасына кесілді
1101
Фото: ашық дереккөз

Иранда 19 жастағы балуан Салех Мохаммади өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол ұлттық жасөспірімдер құрамасының мүшесі болған және болашағынан зор үміт күттірген спортшылардың бірі саналған. Жаза Құм қаласында дарға асу арқылы орындалған. Спортшымен бірге тағы екі адам да өлім жазасына кесілген. Билік оларды 2026 жылдың қаңтарында болған жаппай наразылықтар кезінде екі полиция қызметкерін өлтірді және Израиль мен АҚШ мүддесіне қызмет етті деп айыптаған.

Салех Мохаммади 2024 жылы Ресейде өткен турнирде қола жүлде алып, ұлттық құрамаға шақырту алған. Алайда оның ісі өте қысқа мерзімде қаралған: 15 қаңтарда ұсталып, 4 ақпанда үкім шығарылған. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, ол өз кінәсін мойындамаған, азапталғанын айтқан және тәуелсіз адвокат көмегін ала алмаған.

Қазіргі таңда Иранда жалғасып жатқан наразылықтар аясында ондаған спортшы мен жаттықтырушы қамауда отыр. Сарапшылар бұл жағдайды биліктің қоғамға жасаған қатаң ескертуі ретінде бағалайды. Яғни, наразылықтарға қатысқан кез келген адам, тіпті танымал спортшылар да, қатаң жазаға тартылуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий