Иранда 23 жастағы бойжеткен видео үшін өлім жазасына кесілді
Иранда қаңтар айындағы үкіметке қарсы шерулерге қатысып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған 23 жастағы студент Наджме Амини өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оны жыл басындағы жаппай наразылықтар кезінде қолға түсірген. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бойжеткен ұстау және тергеу барысында соққыға жығылып, қысымға ұшыраған. Билік өкілдері оған Instagram желісіне наразылық видеоларын жүктеді деген айып таққан.
Алайда студент тағылған кінәні мойындамады. Ол Мешхедтегі түрмеден аудиоүндеу жолдап, істің әділ қаралуына көмектесуді өтінген. «Өзімді батыр етіп көрсеткім келмейді. Тек бір нәрсені сұраймын: менің үнімді әлемге жеткізіңіздер», — деген еді ол.
Iran Human Rights дерегінше, биылғы сегіз айда елде 530-дан астам адам өлім жазасына кесілген, олардың арасында шерулерге қатысқан ондаған азамат бар. Студенттің бұл үкімі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының алаңдаушылығын тудырып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
11:03
Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот басталды
16.10.2026
10:56
10 миллиард теңге үшін сотталған кәсіпкер тағы ...
16.10.2026
10:28
Турловтың мүлкі Ресейге бұйырмады: прокуратура ...
16.10.2026
10:02
Иранда 23 жастағы бойжеткен видео үшін өлім жаз...
16.10.2026
09:38
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың отб...
16.10.2026
09:36
Қарақұртты жұтып қойған: Маңғыстауда екі жасар ...