«Іші пысып, не істерін білмей жүр-ау»: Дана Кентайдың жаңа жылдық образы желіні шулатты
Әнші Дана Кентай жаңа жыл қарсаңында ерекше әрі креативті образымен желі қолданушыларының назарын өзіне аударды. Өнер иесі бөтелкені басына қойып, оны шағын шырша кейпіне келтіріп, түрлі әшекейлермен безендірген, деп хабарлайды Politico.kz
Дананың айтуынша, бұл образ — жаңа жылдық корпоративке дайындалып жүргендерге арналған шағын лайфхак. Әнші өзгелерден ерекшеленіп, көңілді атмосфера сыйлауды мақсат еткенін жасырмады.
Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің қиялы мен батылдығын жоғары бағаласа, енді бірі бұл бастаманы әзіл-қалжыңмен қабылдады.
Оқырмандар:
«Керемет! Лайфхак мықты», «Мына прическаны өзіңіз тренд қылдыңыз ғой», «Салонның керегі жоқ екен», «Жоқтан бар жасаған», «Іші пысып, не істерін білмей жүр ау» — деп пікір қалдырды.
Қалай болғанда да, Дана Кентайдың бұл образы желіде бейжай қалмай, мерекелік көңіл күй мен қызу талқы тудырды. Әншінің креативі көпшілікке жаңа жылды өзгеше қарсы алуға шабыт бергендей.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...