Ішкі істер министрлігі Садықовты атты деген күдікке ілінгендерге қатысты түсінік берді
499
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікпен ұсталған А. Жақанбаевқа қатысты түсінік берді,-деп хабарлайды politico.kz
Сонымен қатар ол екінші күдікті Мейрам Қаратаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады. Биыл 22 маусымда Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте Айдос Садықовты атып кетті деп айыпталған күдіктілердің біреуі (Алтай Жақанбаев) қамалғанын хабарлады. Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр. Украина прокуратурасы екі күдіктінің сол күні-ақ шекараны кесіп өтіп, елден кетіп қалғанын хабарлады. Бас прокуратура Айдос Садықовты өлтірмек болғандарды табу үшін өз бетінше тергеу бастаған еді. 21 маусымда Ішкі істер министрлігі Айдос Садықовқа оқ атты деген күдіктінің Қазақстан полициясында жұмыс істемейтінін хабарлады. Мемлекет басшысы қастандықты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр», — деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...