Израиль әскері халықаралық дипломаттар тобына оқ атты

Израиль әскері Дженинге барған дипломаттар тобына оқ атты
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласына барған халықаралық дипломаттар тобына оқ атты. ЦАХАЛ бұл оқиғаны "ескерту оғы" деп бағалап отыр.
Израиль әскерінің хабарлауынша, дипломатиялық делегацияның Дженинге кіруі үйлестірілген болатын, алайда оларға ұсынылған маршруттан ауытқып, тыйым салынған аймаққа кірген. Алдын ала тергеу деректері бойынша, осы жерде әрекет еткен ЦАХАЛ күштері ескерту оғын атқан. Оқиғадан ешқандай қирау мен құрбан болмаған.
Палестина әкімшілігінің мәліметінше, дипломаттар тобы Дженинге гуманитарлық жағдайды бағалау үшін келген.
Германия, Ирландия және Түркия мемлекеттері, құрамында дипломаттары болған бұл атысты айыптады. Ирландия премьер-министрінің орынбасары Саймон Харрис оқиғаны "мүлдем қабылданбайды" деп бағаласа, Түркия Сыртқы істер министрлігі дипломаттарға жасалған шабуылдар мемлекетаралық қатынастардың негізін құрайтын өзара құрмет пен сенімге елеулі қауіп төндіреді деп мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар





