Израиль Иранға соғыс ашпақ

Израильдің Иранға қарсы әскери әрекетке баруына санаулы күндер қалды.
Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.
АҚШ елшіліктері мен әскери базаларда эвакуация жүріп жатыр
Жағдайдың ушығуына байланысты АҚШ-тың Ирактағы елшілігі шұғыл эвакуация жүргізе бастады. Сондай-ақ:
-
Кувейттегі американдық персоналды көшіру бойынша дайындық жүріп жатыр;
-
БАӘ-дегі Эль-Дафра әскери әуе базасынан қосалқы қызметкерлер эвакуациялана бастады.
Ирак СІМ ресми өкілі бұл эвакуацияны растады және оны аймақтағы қауіп деңгейінің өсуімен байланыстырды.
Батыс елдері теңіз жолдарын да бақылауға алған
Ұлыбритания Персия шығанағы арқылы өтетін барлық танкерлер мен кемелерге жоғары дайындықта болуды ескерткен.
АҚШ базалары – толық әскери дайындықта
Пентагон мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлық әскери базалары толық жауынгерлік дайындық режиміне көшірілді. Бұл Иранмен ядролық келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауы мүмкіндігіне байланысты.
Сонымен қатар, Катардағы «Аль-Удейд» әскери базасында (аймақтағы ең ірі АҚШ базасы) ахуал тұрақты, Дохадағы елшілік қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
АҚШ-та қауіпсіздік кеңесі өтті
Осыған орай АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы жиын өткізді, оған жоғарғы әскери басшылық қатысқан. Бұл туралы "Военный Осведомитель" Telegram-арнасы хабарлайды.
Соңғы жаңалықтар





