Израильдік футболшы «Қайратпен» қоштасты
Алматылық «Қайрат» командасы сапынан былтыр негізгі құрамда ойнаған израильдік футболшы кетті, деп хабарлайды Politico.kz
Бүгін команда құрамынан израильдік футболшы Офри Арадтың кеткені белгілі болды. «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылған ол бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Келесі маусымда жартылай қорғаушы шебіне сәтті ауысып, қысқа уақытта команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды.
Арад клубқа 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануға, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты (1:2). Алматылық клуб құрамында үш маусым ішінде Офри Арад 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Соңғы жаңалықтар