Көктемге қажет дизельдің бір бөлігін былтырғы қалдықпен жаба аламыз – Энергетика министрі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизельдің бір бөлігін былтырғы қалдықпен жабуға болатынын мәлім етті.
Оның сөзінше, биылғы ақпан-наурыз айларында кесте бойынша 50,1 мың тонна дизель жеткізілу керек болған. Қазір соның 27 немесе 55 пайызы жөнелтілген.«Былтыр барлығы 845 мың тоннаның 728-і немесе 86 пайызы тиеп-жөнелтілді, мың тонна немесе 14 (он төрт) пайызы талап етілмеді. Операторлар 728 мың тоннаның 688 мың тоннасын сатып, 40 мың тоннасы сатылмады. Олар өңірлік резервуарларда жатыр және биыл көктемгі дала жұмыстарына пайдаланылуы мүмкін», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
«Бұл ретте 14 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарына 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жіберді. 2023 жылғы күзгі-дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы графигін айқындайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер атына тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады», - деді министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...