Кафе иесі құрбысын өлтіріп, денесін қабырғаға жасырып қойған

Кафе иесі құрбысын өлтіріп, денесін қабырғаға жасырып қойған
28.06.2025 10:14
0
864
pexels.com

Германияның Штутгарт қаласында 47 жастағы бар иесі Лехель Л. өзінің 48 жастағы сүйіктісі Луминица П.-ны өлтіріп, денесін бардың қабырғасына жасырып қойғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс 2024 жылдың шілдесінде Kelterstüble барында болған.

Қабырға ішіне жасырылған мәйіт

Тергеу деректеріне сәйкес, Лехель Л. құрбысын өлтірген соң, оның денесін құрылыс мақтасына орап, содан кейін кірпішпен қабырғаға салып қойған. Уақыт өте келе мәйіттің иісі шыға бастаған соң, ол таныс шеберден "қабырғаны күшейтіп беруін" сұраған. Тек 2024 жылдың қазан айында, иттердің көмегімен, полиция әйелдің сүйегін тапты.

Жауапкершіліктен жалтару мен өтірік

Сот барысында Лехель Л. кінәсін мойындамаған, тіпті Луминицаның жоғалуын түсіндіру үшін бірнеше жалған нұсқаларды ұсынған. Ол сүйіктісінің Грекияға кеткенін, кейін Румынияда немесе Берлинде жүргенін айтқан.

Марқұмның нақты өлім себебін анықтау мүмкін болмағанымен, сот Лехель Л.-ны кінәлі деп таныды. Сондай-ақ, оның бұрын да Румынияда салықтан жалтарғаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Facebook-тағы қоштасу жазбасы

Қамауға алынардан бұрын, Лехель Л. Facebook желісінде жұмбақ жазба қалдырған. Бұл жазба кінәсін мойындағандай әсер қалдырады:

«Өмірдегі барлық жақсы нәрсе – заңсыз. Қоштасамын және кетемін, бірақ әр қадамымда сені еске аламын».

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий