Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты тың ақпарат шықты

07.11.2025 22:28 Берік Арманов
Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты тың ақпарат шықты
0
887

Музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында өнерден уақытша қол үзген әнші Кәмшат Жолдыбаева туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Продюсер жеке шығармашылық кешінде өнер көрсетуге Кәмшат Жолдыбаеваны шақырғанын жеткізді. Алайда әнші қазір декреттік демалыста отырғандықтан сахнаға жақын арада шыға алмайтын көрінеді. 

«Кәмшатпен жақында ғана сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсеткенін қатты қалаған едім. Оған ұсыныс жасадым, бірақ ол қазір ана. Ол «Сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ» деді. Оның сәбиі әлі кішкентай. Өзі сияқты сұп-сұлу қызы бар. Біз негізі Кәмшатпен де, жалпы бәрімен байланыстамыз. Кәмшат үшін қазір осындай кезең болып тұр. Менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады, оған тек уақыт керек», – деді продюсер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий