Кәсіпкер ел оңтүстігінде көліктерді заңсыз қайта ресімдеу мүмкіндігі туралы мәлімдеді
0
243
Кәсіпкер Азат Болатов Қазақстанның оңтүстігінде автокөліктерді заңсыз қайта ресімдеу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды politico.kz КазТаг агенттігіне сілтеме жасап.
"Мен Қазақстан Республикасының азаматы Азат Болатов және көліктерді жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкермін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Қаржы мониторингі агенттігіне қылмыстық істі тергеуге араласуға және оны ерекше бақылауға алуға, өтініш жасаймын. Мен бұл істе жәбірленушімін", - деді Болатов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектенов, Бас прокурор Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен көмек сұрап.
Ол қылмыстық іс Жамбыл облысының полиция департаментінде тергеліп жатқанын айтты.
"2024 жылдың маусымында мен алаяқтар тобының құрбаны болып, иелігімдегі 8 көліктен айырылып қалдым. Ұрланған 8 көліктің екеуін өзім тауып алдым, олар жалған нөмірмен жүр екен. Ал олардың біреуінің VIN-коды алмастырылып, Шымкент қаласындағы автоХҚКО-да заңсыз есепке қойылып үлгерген. Бұл адамдардың күш құрылымдарында, автоХҚКО-ларда таныстары болуы ықтимал, өйткені олар Қазақстан Республикасының ешқандай заңынан қорықпай, жазасыз қалатынына сенімді болып қылмыс жасайды. Оларды Жамбыл облысы полиция департаментінің полиция қызметкерлері жауап алуға шақырғанымен, бұл адамдар қамауға алынбай, бостандықта жүр. Әйтпесе полиция қызметкерлерінде жауап алу хаттамалары бар",-деді кәсіпкер.
Кәсіпкер ел басшылығынан жағдайға араласуды және осы қылмыстық іс бойынша объективті және заңды тергеуді қамтамасыз етуді сұрады. Себебі кәсіпкер қазіргі уақытта адамдар тобының заңсыз әрекеттеріне байланысты барлық 8 машина үшін несие төлеп жатыр, ал банктер төлемдердерді тоқтатпай отыр.
"Мен отбасымда жалғыз асыраушымын, сондай-ақ екі жас балам мен II топтағы мүгедек қарт ата-анам бар, бәріміз бірге тұрған жалғыз тұрғын үйді сатуға тура келді. Сіздің араласуыңыз әділеттілікті қалпына келтіріп, менің әділ сот ісін жүргізу құқығыма ғана емес, басқа азаматтардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіретін осы топтың одан әрі қылмыстарын тоқтату үшін қажет. Сондай-ақ, премьер-министрдің Жолдауында автокөлікті есепке алудың көлеңкелі схемаларымен жұмыс істеу тапсырылғанын атап өткім келеді. Дәл осы жағдайды ерекше бақылауға алуыңызды сұраймын, өйткені бұл адамдардың осындай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін", - деп қорытындылады сөзін Болатов.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік блогер Қазақстанда ұрланған көліктердің қылмыстық схемасы туралы айтқан болатын.
Сурет: 2gis.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
01.01.2026
20:50
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті
01.01.2026
16:38
Еліміздің үздік 10 боксшысы анықталды
01.01.2026
16:07
Қасым-Жомарт Тоқаев Куба президентін құттықтады
01.01.2026
15:51
Ерлі-зайыптыларды ажырастырмайтын қатаң заң қаб...
01.01.2026
15:18
Араб әмірліктері жаңа жыл тойлаудан рекорд орнатты
01.01.2026
15:10
Ақтаулық әйел TikTok-та арзан ет сатып, алаяқты...