Кәсіпкер Жанна Кан: Мемлекетке көп жұмыс істеп, салық төлеу арқылы көмектесу керек

Кәсіпкер Жанна Кан: Мемлекетке көп жұмыс істеп, салық төлеу арқылы көмектесу керек
03.10.2025 11:40
0
113
Жанна Кан (Фото: forbes.kz)

Кәсіпкер Жанна Кан мемлекетке қалай көмектесуге болатынын айтты, деп хабарлайды Bes.media.

Белгілі кәсіпкер әрі Be Woman форумының ұйымдастырушысы Жанна Кан мемлекеттің дамуына үлес қосудың жолы ретінде салық төлеудің маңыздылығын атады. Оның пікірінше, елдегі азаматтар салық төлеуге дағдыланбаған әрі мемлекетті жат дүние санайды.

Кәсіпкер табиғат заңына сәйкес, бір нәрсе алмастан бұрын, алдымен беру керектігін алға тартады. Ол мұны ел экономикасының қазіргі жағдайымен және даму деңгейімен байланыстырады. Жанна Канның айтуынша, салық – кез келген уақытта әл-ауқаттың негізі болып келген.

Ол Швейцария, Америка және Франция сияқты дамыған елдерді мысалға келтірді. Бұл мемлекеттерде халық табысының жартысынан астамын салыққа төлегенімен, сол қаражаттың айналып келіп, өздеріне қайта оралатынына үйренген.

Сонымен қатар, Жанна Кан тұрақсыз мемлекетте өмір сүргеннен гөрі, салық төлеген артық деп санайды. Ол кез келген сәтте "Қаңтар" оқиғасы қайталануы, бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу немесе соғыс басталу қаупі бар тұрақсыздықтан салық арқылы сақтануға болатынын меңзеді.

Сөзінің соңында кәсіпкер, егер төленген салық өз мақсатына жұмсалып, мемлекет дамып жатса, елге көмектесетін уақыттың келгенін жеткізді.

"Көп жұмыс істеу керек: көп табыс тапсақ – көп береміз, ал көп берсек – көп келеді", – деп түйіндеді ол.

Жанна Кан – қазақстандық кәсіпкер және филантроп. Ол Constella зергерлік бутигі, Zardozi люкс бренді, Zardozi Home сияқты компанияларды қамтитын Zhanna Kan Group негізін қалаушы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий