КАСПИЙДЕ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ ӨТІП ЖАТЫР
395
Еліміздің Әскери-теңіз күштері Каспийде жауынгерлік дайындығын пысықтап жатыр.
Бірлескен оқу-жаттығуға шекара флотының жауынгерлік кемелері мен майдан авиациясы қатысып жатыр. Тапсырма бойынша миннотраль мен зымыранды-артиллериялық кемелер су бетіндегі және әуе нысандарына оқ жаудырды.
Жаттығудың келесі кезеңінде теңізшілер су көлігінің қозғалтқыш бөлігінен шыққан өртті сөндіріп, жараланғандарды құтқаруда кәсіби шеберлігін байқатты. Контр-адмирал Сәкен Бекжанов жетекшілік еткен әскери жиын ертең аяқталады. Нұрбек Талғатұлы, «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кеме командирінің көмекшісі: - Түнгі және күндізгі атыс жаттығулары өткізілді.
Қауіпсіздік ережелері бұзылған жоқ және де жеке құрам өзінің біліктілігін арттырды. Алға қойылған мақсаттар толықтай орындалды. Алдағы уақытта біздің Әскери-теңіз күштері бұдан да үлкен жаттығуға қатысып, өз шеберлігімізді шыңдаймыз деген үміттемін.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...
06.10.2026
14:38
Ресей әскерінен қашып, Қазақстан шекарасын заңс...
06.10.2026
14:18
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметке...