Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметкерін қағып өлтірді

06.10.2026 • 14:18 Әсел МҰРАТ
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметкерін қағып өлтірді
183
Фото: ашық дереккөз

Астанада жерасты автотұрағында жұмыс істеп жүрген қызметкерді көлік қағып кетті. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 2 қазанда Бөкейхан көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты паркингінде болған.

Астана қаласының Полиция департаменті мәліметінше, «ROX» автокөлігінің жүргізушісі паркингке кіріп, солға бұрылған кезде аумақта жұмыс істеп жүрген жаяу жүргіншіні байқамай қағып кеткен.

Жарақат алған ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қазір көлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий