"Келінді «қызым» деу дұрыс па?": Жазира Байырбекованың видеосы дау туғызды
Әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева және оның келінімен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz beksports.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода Жазира Динараға ой салатын сұрақ қояды:
«Келінді «келін» деп атау керек пе, әлде «қызым» деу дұрыс па?»
Алайда бұл сұраққа Динара Майғазиева видеода нақты жауап бермейді.
Жарияланған бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі дәстүрлі көзқарасты ұстанып,
«Келінді келін деп атау керек, әркімнің өз орны бар», «Келін ешқашан туған қыздай бола алмайды» десе, енді бірі қазіргі заманға сай көзқарасты қолдап, келінді қызындай қабылдауға болатынын жазды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...