Келініне 24 рет пышақ сұғып, өлтірген ер адам ұсталды

Келініне 24 рет пышақ сұғып, өлтірген  ер адам ұсталды
17.05.2025 09:16
0
262
ашық дереккөзден

Әзербайжанда келінін аса қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Шахрияр Гусейновқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 4 айға қамауға алу шешімі шығарылды.

Тиісті ұсынысты Тертер аудандық прокуратурасы сотқа жолдап, ол қанағаттандырылды.

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні таңғы сағат 10:00 шамасында Тертер ауданының Поладлы ауылында тұратын 1990 жылы туған Хафиза Рзаеваның өз үйінде өлтірілгені туралы ақпарат аудандық прокуратураға түскен болатын.

Алдын ала тергеу барысында 1957 жылы туған Шахрияр Гусейнов пен марқұм Х.Рзаева арасында жанжал туындап, нәтижесінде ер адам келінін пышақтап өлтірген деген негізді күдік туындаған. Сараптама қорытындысы бойынша, әйел адамға барлығы 24 пышақ жарақаты салынған.

Аталған факті бойынша Әзербайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120.1-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ш.Гусейнов күдікті ретінде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий