"Келінмен тұрмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

24.01.2025 • 12:01 Мөлдір ҚАЙНАР
406
ашық дереккөз

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының болашақ жарына қатысты сұраққа жауап берді.

Отандық киножұлдыз болашақ келініне қоятын талабы да жоқ екенін айтты. 

“Келінмен бірге ғұмыр кешетін мен емес. Күйеу баламен де бірге жүретін ниетім жоқ. Ең әуелі олар бір-біріне жайлы болуы керек емес пе?! Менің тарапымнан шама келсе қолдау білдіру ғана болады. Қолдай алмасам, кедергі жасамаудың өзі үлкен даналық деп білемін”, – деді актриса. 

Сондай-ақ екі қызының бой жетіп қалғанын да жасырмады. “Қыздарыңызды көбірек салыңызшы” деген сұраққа актриса ақталып жауап қатты. 

“Бұл қос бойжеткен рұқсат бермейді. Әйтпесе, салғым-ақ келеді”, – деді киножұлдыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий