«Керемет шаңырақ»: Гүлзира Айдарбекова үйіндегі қазақы бөлмесін көрсетті

«Керемет шаңырақ»: Гүлзира Айдарбекова үйіндегі қазақы бөлмесін көрсетті
14.02.2025 21:05
0
138
видеодан кадр

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өз пәтеріндегі бір бөлмесін қазақша стильде қалай безендіргенін көрсетті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Медиа менеджер жеке парақшасында видео жариялап, бөлмесінің дизайнын таныстырды.

«Астанадағы шаңырағымыздағы қазақша бөлмемізге сапалы сандық, көрпеше, үстел тапсырыс бердік. Сіздер де бағасын бере кетіңіздер! Бір бөлмені болса да қазақша етіп жасасам деп ниеттенген адамдарға үлгі көрсетіп жатырмын. Әр шаңырақтан қазақи дәстүрімізге тән дүниелердің иісі шығып тұрғанына сенімдімін. Қонақтарымыз да оны ұнатады деп ойлаймын. Үй салып жатсаңыздар немесе бөлмелеріңізге өзгеріс енгізсеңіздер, келешек ұрпаққа баға жетпес құндылықтарды сіңірген дүниелермен әр отбасына мән беріп қарауларыңызды кеңес беремін!», — деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдіріп, бөлменің дизайнын қызу талқылауда.

Бірқатар адам оның қазақша киім киіп жүруін ұсыныс етіп, «Бөлмеңіз әдемі, енді өзіңіз де қазақша киім киіп жүріңіз», «Пердесі онша емес, ауыстыру керек», «Дастарханды да қазақша тігу керек», «Қандай керемет шаңырақ!?» деп көпшілік жаза жөнелді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий