Кеш жарық!

09.01.2026 12:35 Күлшән Нұрбекова Күлшән Нұрбекова
Кеш жарық!
0
209

КЕШ ЖАРЫҚ!
«Халық қазынасы» тобы мүшелеріне арнау

 

Кеш жарыққа арналған өлеңдерім,

Жақсы хабар күтемін, елеңдедім

Сексен бір мыңнан асатын дүйім елді

Жайлы кешке шақырған мына менмін!

 

Ақ жаулықты апалар, бірге жүрген

Қәдірменді ағалар, сөзді білген

Ойнақшыған інілер, желіп жүрген

Сұлу сіңілілер, көзі күлген

 

Әзілдескен дос-жаран, ақтарылып,

Сыпайылап, көрсетпей басқа қылық

Білектерге жабысқан, құрдастарым,

Өздеріңе арналган сөз бастадым

 

Тамыздың сәтті күнін артқа салып,

Кеш жарыққа тілекті сайлап алып,

Мөлдір сезім шарпыған жүректерден

Сөз құралсын ертеңгі тілектерден

 

Ертеңге мен тіледім сәттілікті

Жарқын өмір күніне тәтті үміттi

Періштелер қолдасын тілегіңді

Мұң шалмай кеудедегі жүрегіңді

 

«Дені саудың, жаны сау» дегендейін

Ақ тоқашқа бал қосып жегендейін

Ойға алган тілектер орындалсын,

Қайырлы таңнан бастап, кешке дейін!

 

Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий