"Кешір, Кенжик, менің кінәм жоқ". Сәкен Майғазиев Кенжебектен неге кешірім сұрады

"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев топтағы әріптесі Кенжебек Жанәбіловтен кешірім сұрады. Сәкен Майғазиевтің кешірім сұрауына себеп болған нәрсе - Кенжебектің жартылай кесіліп қалған суреті. "Кешір, Кенжик, менің дым кінәм жоқ. Шарапат осылай түсірген", - деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде әріптесінің жартылай сыймай қалған суретін жариялап. Фотосуретте Сәкен Майғазиив пен Мейрамбек Беспаевтің бейнесі толық кадрге сыйғанымен, Кенжебектің тек жарты бетін көруге болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу