"Кешіргіш болсаң, келініңнен кешірім сұра": Гүлзира Айдарбекованың жазбасы талқыға түсті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасындағы ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайдыPOLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Өнер иесі жұбайы Нұртас Айдарбековпен бірге қысқа видео түсіріп, оқырмандарына ұсынды.
– «Бұл біздің шағын бейнеміз. Соңымыздан ерген жас отбасыларға ой салар деген ниетпен түсірдік. Нұрекеңнің “Өкінген емеспін” әнінен үзінді қосып, тойға бара жатып түсіре салғанбыз. Бар болғаны екі минут кетті. Негізі өмірде де сондаймын. Ұзақ ашуланып жүре алмаймын. Сөйлемей-ақ қояйын десем де, бес күндік өмірді ит-мысықша өткізбейік деп ойлаймын. Ашу түбі – өкінішке апарады. Әйел әрқашан ер азаматына бір саты төмен тұруы тиіс. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал бекер емес. Қарап отырсаңыз, болмашы нәрселер үшін, менмендік пен көкіректік кесірінен қаншама отбасы ыдырап жатыр. Соның зардабын ең алдымен балалар тартады. Мейірімге зәру болып өскен балалардың тағдыры ауыр. Ал аштық пен соғыстан көз ашпаған елдерді көргенде тәубеме келемін», – деп жазды продюсер.
Айдарбекованың жазбасы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Бірі оның ойымен келіссе, енді бірі әйел мен еркектің теңдігіне назар аударды.
– «Терең ой қалдыратын видео екен»,
– «Кешірімді болу дұрыс, бірақ кешірім сұрамайтын еркектер де кездеседі»,
– «Ер мен әйел тең болса несі жаман?»,
– «Кешіргіш болсаң, келініңнен кешірім сұра»,
– «Осы ақылын баласына айтпай ма»,
– «Нұртас ағамыз әпкемізді шын сүйетіні көрініп тұр», – деп жазды оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар





